№2 Облыстық перинаталдық орталықта жақында Жетісай ауданы Асықата ауылының тұрғыны Тұрғанбек Орынкул есімді ана егіздер босанды

№2 Облыстық перинаталдық орталықта жақында Жетісай ауданы Асықата ауылының тұрғыны Тұрғанбек Орынкул есімді ана егіздер босанды. Бір қыз Кәусар салмағы 1430гр мен бір ұл Қайсар салмағы 1722гр сәбилерін дүниеге алып келген ананың қуанышында шек жоқ,өзінің шексіз алғысын айтуда. Құшағыма сәбиімді аман-есен құшуыма алдымен Алланың, екінші №2 Облыстық перинталдық орталықтың білікті дәрігерлерінің арқасы. Қазіргі таңда балаларымның жағдайлары жақсы Облыстық балалар ауруханасына әрі-қарай ем қабылдау үшін ауыстырылудамыз. Орталықтың барлық медицина қызметкерлеріне акушер гинеколог Хаджиметова Зульфия Садыковна, нәрестелер интенсивті терапия бөлімшесінің неонатолог дәрігері Бақтыбаева Айжан Бауыржановнаға,шала туылған нәрестелерді күтім және сырқат нәрестелер бөлімшесінің неонатолог дәрігерлері Ешимбетова Гульбайра Орынбасаровнаға, Бакилова Салтанат Жасұзақовнаға алғысым шексіз. Еңбектеріңіз халыққа қуаныш сыйлап, өздеріңізді нұрға бөлесін. Сіздердің отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық, күш- жігер, баянды бақыт пен жаңа табыстар тілеймін.