ұжым

Абдиханова Гульнара Алтынбековна 1962 жылы туған, Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы, 1986 жылы Алматы медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша үздік бітірген.
1986 жылдан осы кезге дейін №2 облыстық перинаталдық орталығнда жұмыс атқарады.
Кәзіргі таңда №2 Облыстық перинаталдық орталығы ШЖҚ МКК-ның басшының медицина жұмысы бойынша орынбасары. Жоғары дәрежелі акушер гинеколог. 2018 жылы “Денсаулық сақтау ісінің үздігі” төсбелгісімен және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің құрмет грамотасымен және 2020жылы “Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін” төс белгімен марапатталған.

 

 

Мамбетова Мадина Ережеповна
«№2 облыстық перинаталдық орталығы» ШЖҚ МКК-ның басшының ұйымдастыру – әдістемелік жұмысы жөніндегі орынбасары.
1968 жылы туылған , Оңтүстік Қазақстан облысының тумасы.
Білімі: жоғары, Алматы мемлекеттік медицина институтын бітірген Өз мамандығы бойынша профилактиканың, емдеудің және оңалтудың заманауи әдістерін толық пайдаланатын тәжірибелі, жоғары білікті акушер-гинеколог, стационарлық емдеудің барлық әдістеріне, күрделі акушерлік және гинекологиялық операциялардың толық кешеніне ие.
«Денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі – 2016ж, «Ерен еңбегі үшін» медалі – 2017ж.
Жалпы жұмыс өтілі: 30 жыл.

 

 

Кошанбаева Тогжан Ботабековна №2 Облыстық перинаталдық орталықтың Ана мен баланың бірге болу бөлімшесінің меңгерушісі Кошанбаева Тогжан Ботабекқызы Біліктілігі жоғары санатты, «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» .
Өз мамандығы бойынша профилактиканың, емдеудің және оңалтудың заманауи әдістерін тәжірибеде толық қолданатын, стационарлық емдеудің барлық әдістерін, күрделі акушериялық, гинекологиялық ота жасаудың толық кешенін меңгерген тәжірибелі білікті дәрігер акушер-гинеколог. Еңбек өтілі 35 жыл. 1988 жылдан бастап осы орталықта еңбек етіп келеді. 2005 жылдан осы уақытқа дейін бөлім меңгерушісі болып өзінен кейінгі жас мамандарды тәрбиелеп, біліктілігін арттыруға ат салысуда. Сонымен қатар Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті және ОҚМА студенттеріне, интерн-резиденттеріне көп жылдан бері тәлімгерлікпен дәріс беріп келеді.

 

Джаймагамбетова Галия Джетисовна

Джаймагамбетова Галия Джетисовна 2017 ж.бастап ЖШҚ МКК ОПО N⁰2 бөлім меңгерушісі қызметін атқарады.Оған дейін 25жыл бойы N⁰2 қалалық перзентханада жұмыс жасаған.2012 жылы ОПО N⁰бөлім меңгерушісі жұмысын атқарған.Барлық жумытс стажы 37 жыл.1986 жылы АГМИ-ді”Емдеу ісін”бойынша үздік тәмәмдаған. Жоғары дәрежелі үздік дәрігер.Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау саласының үздік майталманы.
КДБ ОПО Ñ⁰2 кураторлық,методикалық-уйымдастырушы ,15ауданға 3-шы денгейдегі консультациялық қабылдаулар жүргізеді.

 

Тастанов Абзал Абдыжаппарұлы. №2 Облыстық перинаталдық орталығының Нәрестелер интенсивті терапия бөлімшесінің бөлім меңгерушісі Тастанов Абзал Абдыжаппарұлы 2010 жылдан бастап жас маман ретінде қызметін бастаған. Абзал Абдыжаппарұлы 2003-2009 жылдары Алматы қаласы. Асфендияров университетінде білім алған.2010-2011 жж. Сарыағаш аудандық ауруханасында дәрігер-неонатолог болып жұмыс атқарған. 2011-2015 жж аралығында №1 Облыстық перинаталдық орталығында , 2015-2018жж. №4 Облыстық перинаталдық орталығында жұмыс атқарған. 2018 жылдан бастап №2 Облыстық перинаталдық орталығының Нәрестелер интенсивті терапия бөлімшесінде қызмет етеді.
Ең тәжірибелі және ең танымал неонатолог. Қазіргі таңда Нәрестелер интенсивті терапия бөлімшесінің бөлім меңгерушісі қызметін атқаратын 1- санаттағы дәрігер. Өз ісінің шебері,білікті маман,қабілетті дәрігер.
Біліктіде білгір маман Тастанов Абзал Абдыжаппарұлы әріптестерінің ортасында сыйлы, үлгі боларлық азамат. Өз жұмысына адал, жауапкершілігі мол. Өмірінің көп бөлігін нәрестелерді емдеу бағытына жұмсайды. Дәрігер Абзал кішкентай сәбилердің өмірінде ерекше рөл атқарады. Нәрестелердің денсаулығының жай-күйін дұрыс бағалай біліп, оның дұрыс дамуы үшін қолайлы жағдай жасайды . Біз сіздің еңбегіңізді бағалай отыра қуанып,алғыс білдіреміз.

№2 Облыстық перинаталдық орталықтың Жүкті әйелдер патологиясы бөлімшесінің меңгерушісі Ерназарова Мейрамкул Турганбаевна біліктілігі жоғары санатты дәрігер. 1992жылы Қарағанды медициналық институтына тусіп, 1998 жылы Қарағанды медициналық академиясын бітірді.
Өз мамандығы бойынша профилактиканың, стационарлық емдеудің барлық әдістерін, күрделі акушериялық, гинекологиялық ота жасаудың толық меңгерген тәжірибелі білікті дәрігер акушер-гинеколог. Еңбек өтілі 21 жыл. 2002 жылдан бастап осы орталықта еңбек етіп келеді. Өз мамандығына барынша берілген, адамның тәні мен жанын қоса емдейтін білікті дәрігер.
Денсаулық саласының гүлденуіне, ана мен бала саулығына, ұрпақ пен ұлттың көбею жолында тынымсыз еңбек етуде.

 

 

Сәпиева Гүлнар Бермағамбетқызы 1994 жылы Ақтөбе мемлекеттік медицина институтын бітірген. Ол кейіннен облыстық перинаталдық орталық 2 болып өзгертілген 4-ші қалалық перзентханада неонатология бойынша интернатурадан өтті. Ал 1994 жылдан бері осы орталықта жұмыс істеп келемін. 2005 жылдан бастап неонаталдық бөлімшенің меңгерушісі. Ал 2010 жылдан бері шала туылған нәрестелерді емізу және жаңа туған нәрестелердің патологиясы бөлімі ашылып, бөлім меңгерушісі қызметін атқарып келеді.